Ақсайдағы ереуіл: Италиядан басшы келгенімен, жалақыны 50% көтере алмайтынын айтты

Аян Өрібай

БҚО Бөрілі ауданы Ақсай қаласындағы KKS-Sicim компаниясы жұмысшыларының 16 қаңтарда басталған ереуілі әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Италиядан Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли ұшып келіп, жалақыны 50 пайызға өсіруді талап еткен жұмысшылармен кездескен.Ол да жалақыны көтере алмайтынын айтады.

Джузеппе Роделли де жалақы тек 20% көтерілетінін алға тартқан. Алайда жұмысшылар бұл жауапқа қанағаттанған жоқ.

Одан соң Джузеппе Роделли нақты жауабын Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесуден кейін айтатынын жеткізіп, кездесуге кеткен. Ереуілге шыққан жұмысшылар бұған келіспейтінін, жалақыны 50% көтеру талаптары орындалмайынша ереуілді жалғастыратынын мәлімдеді.

Мұнайшылар 16 қаңтардан бері ереуілде тұр.