Алматыдағы ипподром жеке меншікте қала береді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Қолданыстағы бас жоспар бойынша бұл жерде ипподром болуы тиіс. Жоспарға өзгерістер енгізу жобасында да біз оның сол жерде қалуы қажет деген талап қойып отырмыз. Мемлекет меншігіне сатып алу туралы әңгіме әзірге жоқ, — деді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі ипподромның бұзылатынын жоққа шығарған болатын.
ИППОДРОМ
Алматы ипподромы – тарихы терең әрі мәдени маңызы зор нысан болып қала береді. Мұнда дәстүрлі түрде еліміздегі ат спорты мен ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған ірі спорттық және қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді.