Астанада автобустағы орынға таласқан екі әйел төбелес шығарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Автобуста 26 және 36 жастағы екі әйел орынға таласып, төбелесіп қалған. Желіде тараған видеодан әйелдердің бірінің басы қан болып тұрғанын, ал қасында кішкентай қызы жылап тұрғанын аңғаруға болады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Бұл жағдайға қатысты полициядан жауап алдық. Жолаушылардың бірі алған дене жарақатына байланысты екінші тарапқа шара қолдануды сұрап, арыз жазған.
- Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр, – делніген жауапта.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтау және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.