Шымкентте өрт сөндіру қызметі бастығының үстінен іс қозғалды

Ulysmedia

Антикор мәліметінше, Шымкентте өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің басшысы өкілеттілігін асыра пайдаланып, қарамағындағы қызметкерлердің ақшасын иемденіп отырған, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа өтті.

Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатаң сөгіс жарияланғаны хабарланды.