Өскеменде саяжай үйінен шыққан өртті сөндірген құтқарушылар үйінді астынан үй иесінің мәйітін тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрт Өскеменнің Ескі Согра ауданындағы «Прогресс» саяжай алабында болған. Kazinform агенттігінің жазуынша, өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына өртсөндірушілер жеткен.
Өрт 64 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтағанымен, үйінділер астынан 1976 жылы туған әйелдің мәйітін тапқан. Қаза тапқан әйел осы үйдің иесі болған.
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз екенін хабарлады. Қазір мамандар үйдің қандай себеппен өртенгенін және әйелдің қандай жағдайда қаза тапқанын анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті. Әсіресе электр құрылғылары мен пешті пайдаланғанда сақ болуға шақырды.
Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.