Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам қаза тапты. Оның ішінде спортшылар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Ұлттық сурдолимпиялық комитеттің вице-президенті және Жол қозғалысының қауіпсіздігі қауымдастығының төрағасы Арсен Шакуов хабарлады.
- Бүгін түнде футболдан есту қабілеті нашар ардагерлер турнирінен оралған біздің ардагерлеріміз, әкемнің жақын достары, жол апатына ұшырап, сол жерден 5 спорт ардагері қаза тапты. Сонымен қатар, жүргізуші мен тағы бір жолаушы қайтыс болды, дейді ол.
Арсен Шакуов қаза тапқан спортшылардың есімін атады.
Асыл Ибраимов – есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдолимпиада чемпионы, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
Сәкен Смағұлов – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
Сергей Волковинский – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
Серік Молдашев – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
- Барлығының артында балалары мен немерелері қалды. Мен оларды бала кезімнен жеке білемін, бәрі әкемнің ең жақын достары еді, дейді Арсен Шакуов.