Оралда оныншы сынып оқушысы психотроптық заттарды сатқаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы БҚО прокурорының орынбасары Азамат Кұстанов ӨКҚ брифингінде айтқан. 2025 жылдың 19 мамырында Орал қаласының соты 10-сынып оқушысын аса ірі көлемде психотроптық заттарды сатқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Жасөспірімнің өзі де үнемі есірткі қолданған. Соңғы үш жылда өңірде 14 пен 22 жас аралығындағы 49 жасөспірім мен жас азамат сотталған. Олардың 39-ы — есірткі сақтағаны, 10-ы — сатқані үшін. 35 іс бойынша айыптау үкімдері шыққан.
ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ
2025 жылдың 10 айында есірткіге байланысты қылмыстар саны 11%-ға төмендеген. Есірткі сатудың негізгі алаңдары ретінде Telegram-арналар мен криптәмияндар қалып отыр. Есірткі бизнесі ақшаны көбіне «дропперлер» арқылы шығарады — олар кейде қылмыстық схемаларға қатысып жатқанын өзі де білмейді. Биыл облыста екі мың қазақстандық және сегіз мың шетелдік шот бұғатталған. Тергеу сотының шешімімен 56 миллион теңге қаражаты бар 241 «есірткі шоты» тұтқындалды. Сондай-ақ 10 фитолаборатория жойылды. 40 миллион теңгеден астам айналымы бар үш онлайн-есірткі дүкенінің қызметі тоқтатылды.