Ақмола облысында жаппай жол апаты болды

Сырым Қаржас
Фото: ПД

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні шамамен 14:21-де «Екатеринбург — Алматы» тас жолының 1300-шақырымында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция оқиға орнында жүргізген алғашқы тексеріс барысында жүк көлігінің DAF маркалы жүргізушісі Астана бағытына қарай қозғалып келе жатып, көктайғақтың салдарынан рөлге ие бола алмай, жол бойындағы қоршауға соғылғанын анықтады. Артынша келе жатқан Chevrolet Cobalt пен Toyota Highlander көліктерінің жүргізушілері де көктайғақта тежегішті ұстай алмай, жүк көлігіне соқтығысқан. Ал Kia K5 жүргізушісі жол апатын байқап тежемек болғанымен, көлікті басқара алмай, сондай-ақ қоршауға соғылған.

ЗАРДАП

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жеңіл көлік жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Полиция өкілдері тексеру аяқталған соң кінәлі тұлғаларға қатысты шара қолданылатынын атап өтті.