Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

Сырым Қаржас
Видео кадры

10 желтоқсан күні шамамен 14:15-те «Алматы–Өскемен» автожолының 462-шақырымында екі көлік жол апатына түсіп, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының күрт нашарлауы, боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі жағдайында қозғалып келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

ҚАЗА

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЕРГЕУ

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.