"Тек Шымкент туралы ойлаймын" - Сыздықбеков үкіметке қатысты қауесет туралы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Үкіметтегі кадрлық өзгерістерге байланысты өз есімі премьер-министр лауазымына кандидат ретінде аталған талқылауларды орынсыз деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ОКҚ брифингінде модератор Маржан Бақтиярқызы редакция қойған сұрақты бөліп тастады.

— Әріптес, бұл Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысы жоқ, — деді ол.

Одан кейін Ғабит Сыздықбеков сұраққа қысқаша жауап берді.

— Мен жай ғана өз жұмысымды істеп жүрмін. Ештеңе ойламаймын. Тек Шымкент пен ел туралы ойлаймын, — деді ол.