Алматылықтар түнде жер сілкінісін сезген

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

22 желтоқсанға қараған түні Алматыда жер сілкінісі сезілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0-ге жеткен.

Сейсмологтардың айтуынша, Алматы қаласында 2 балл деңгейінде жер сілкінісі сезілген.

ЭПИЦЕНТР

Өз кезегінде ТЖМ-нің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» сейсмологтары жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде орналасқанын хабарлады. Сонымен қатар, Алматыда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінісі болды. 

Жер сілкінісі Алматы облысындағы бірнеше ауылда да сезілген.