Түркістанда 6 жасар қызды зорлады деген айыппен 8-сынып оқушысы сотталды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда сот 6 жасар қызды зорлады деген айыппен 8-сынып оқушысын 10 жылға соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Кursiv.media жазуынша, сотталушы кінәсін ішінара мойындаған. Сотталушының ата-анасынан жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге моралдық зиян өндіру міндеттелген.

«Сот үкімімен кәмелет жасқа толмаған сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Оған жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді», – делінген Түркістан облыстық сот таратқанхабарламада.

Сот дерегінше, оқиға 7 шілде күні кешқұрым болған. Жәбірленушіні көшеде кездестірген оқушы оны әңгімеге тартып, көпір астына алып барған. Артынан қарсылық көрсеткеніне қарамай күштеп, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор күдіктіге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға қатаң жаза тағайындап, одан 20 млн теңге моральдық зиянды өндіруді талап еткен.