Шымкентте Telegram-арналардың бірінде білім беру мекемелеріне қатысты қоқан-лоқы мазмұндағы хабарламалар пайда болды. Ақпарат мессенджерлер мен чаттар арқылы жылдам тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарияланымдарда қару-жарақтың фотосуреттері, сондай-ақ авторлар «теракт жоспарланып отыр» деп көрсеткен қалалық мектептердің тізімі берілген. Тізімде ондаған оқу орнының нөмірлері аталған.
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ
Полиция тергеу шараларын бастап, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп жазады Otyrar.kz. Telegram-арна бұғатталды.
- Полиция тексеру жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай бақылауда. Дайындалып жатқан қылмыстар туралы жалған хабар таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — деп пікір білдірді Шымкент қаласының полиция департаменті.
Айта кетейік, қараша айында терактке қатысты жазбалар Ақтау қаласында да тараған еді.