Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккендер саны көбейді

Сырым Қаржас
gov.kz

Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккендер саны көбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еске салайық, 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолы бойында жол апаты болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус жол жиегіндегі кюветке аударылған. Салонда 50 жолаушы болған.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Жол апаты салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты. Маңғыстау облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 42 жолаушы түрлі жарақат алған. Оның 17-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырды.