Түркістан облысындағы Кентау қаласында 45 жастағы тұрғын екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаменті растады.
- Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді полицейлер.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, ер адам өгей қыздарын бірнеше жыл бойы зорлаған. Қаскөй әрекеттерін қыздары алты және сегіз жаста болғанда бастаған.
Жақындарының сөзінше, тергеу органдарында барлық дәлел бар, алайда қылмыстың ауырлығына сай келмейтін бап бойынша қаралып жатыр.