Ақтөбедегі тасжолда жантүршігерлік апат болып, төрт адам мерт болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

«Ақтөбе — Орынбор» тас жолында Құрайлы кенті маңында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Honda Odyssey, Hyundai Solaris және ВАЗ-2110 көліктері жол апатына түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласынан Мәртөк кенті бағытына қарай келе жатқан Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Honda Odyssey бағытын өзгертіп, қарсы келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соғылған.

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Honda Odyssey көлігінің бір жолаушысы мен ВАЗ-2110 көлігіндегі тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Honda Odyssey жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.