Шымкентте жасөспірім ұсталды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оның көшеде кішкентай қызға жақындап, алып кетуге тырысқаны көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға болған күні қала тұрғындары көшелерде полиция көліктерінің көбейгенін байқаған. Патрульдік автокөліктер түсірілген фото және видеолар әлеуметтік желіде тарап кеткен.
Полиция департаментінің мәліметінше, 1 ақпанда кәмелетке толмаған балаға қатысты заңға қайшы әрекет жасауға әрекеттену фактісі бойынша арыз түскен.
— Жасөспірім қызды ұстап алып, оны зорлауға тырысқан. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ата-анасы полицияға жеткізілді, — деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Қыз балаға психологтармен жұмыс істеді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын бастады.