Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Үндеуді “Дәмді” отбасылық мейрамханасының қызметкерлері жасаған. Олар мейрамхана басшысы әділетсіз қамауда отырғанын айтады.
- Біздің басшымыз Дінмұхамед Асқарбекұлы екі айдан аса еш дәлелсіз үлкен жала жабылып, қамауда отыр. “Дәмді” мейрамханасының орналасқан жері 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Үш қабатты “Дәмді” ғимаратының құрылысы 2022 жылы толық аяқталды. Мұны толық дәлелдей аламыз. Отбасымызды осы мейрамхананың арқасында асырап отырмыз. Дінмұхамед Асқарбекұлының кінәсіз екенін толық дәлелдей аламыз. Біз басшылығымыздың тек жақсылығын көріп келеміз, – дейді тұрғындар.
Олар әділетсіздікті тоқтатуды талап етті.
- Мейрамхананы тәркілеу жұмыстарын болдырмауды сізден өтініп сұраймыз. Үлкен жаладан арашалап алуыңызды сұраймыз, – дейді тұрғындар.
ОБЛЫС ТУРАЛЫ
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап атқарып келеді.
Ұлыс тілшілері Нұрлыбек Нәлібаевтың Қызылорда облысындағы басқарушылық саясатының ерекшеліктері туралы сараптама жасаған болатын.