Мемлекетті алдаған қандас пәтерінен айырылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Павлодар облысында қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды.

Аталған ақша қаражатына құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алынған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізілуде.