Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мүрделері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Қазіргі уақытта жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
ТЕРГЕУ
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталды. Марқұм әйел 1993 жылы туған.