10 ақпанда синоптиктер ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазгидромет мәліметінше, Алматы қаласында метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болады.
АЙТА КЕТЕЙІК
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — ластаушы заттардың ауада нашар таралуына әкелетін ауа райы факторларының жиынтығы. Мұндай жағдайлар көбіне желсіз кезде, тұман түскенде, төмен бұлттылықта немесе температуралық инверсия кезінде қалыптасып, ауа сапасының нашарлауына соқтырады.