Алматы әкімі Дархан Сатыбалды дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол Ulysmedia тілшісінің “қала халқы неге дауыс беруге аз келеді?” деген сұрағына жауап берді.
- Себебін айтпай-ақ қояйық. Бірақ үгіт жұмыстары жүрді. Артық нәрсе айтсақ әкім үгіт жүргізді деп жүрмесін. Бірақ уақыт көрсетеді. Кешке дейін күтейік. Келмеген адамдардан сұрайсыздар, – дейді әкім.
Әкім Таулы қырат шағын ауданындағы №622 референдум учаскесінде дауыс берді.
Айта кетейік, кейінгі деректер бойынша, Алматы қаласы тұрғындарының 21,68 пайызы референдумға қатысып, өз таңдауын жасаған.
Жалпы Қазақстан бойынша, республиканың 6 471 378 азаматы дауыс берген. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 %.