Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын көшеде ұрып кеткен

Сырым Қаржас
Видео кадры

Шымкентте 5-сынып оқушысын көшеде ұрып кеткен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушысы ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.

Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал болғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған.

Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және жанжалдың мән-жайына қарамастан, оларға міндетті түрде құқықтық баға берілетінін атап өтеді.

Кәмелетке толмағанның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.