Қостанайлық шенеуніктер жәндіктерді улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған

Ulysmedia

Қостанай облысында мемлекеттік орган зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлім етті.

Қаңтар айында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті талдау жұмысын жүргізген.

Оның нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы комитеттің бірінен инсектицид сатып алу бағасын негізсіз көтеру белгілерін анықтады.

«Атап айтқанда, мемлекеттік орган 2 млрд 127 млн теңгеден астам сомаға 8 литр инсектицид (зиянды жәндіктерді улауға арналған химиялық қоспа – автор.) сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте, лоттың техникалық негіздемесінде инсектицидтер түрлі аумақтарды өңдеу үшін қажет екені жазылған», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.