Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Батыс өңірлерде 1°С нормадан жоғары, ал елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде 1°С нормадан төмен. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болжанады», - деді министрдің орынбасары брифинг барысында.
Азидуллиннің сөзінше, су тасқыны қаупіне анықтау үшін өңірлердегі қардағы су қорының мөлшері, топырақтың күзгі ылғалдылығы, топырақтың қату тереңдігі секілді факторлар есепке алынған.
«Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», - деді вице-премьер.