Мемлекеттік сатып алу: Жамбылда 150-ге жуық шенеунік жауапқа тартылды

Ulysmedia

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған 140-тан астам лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметінше, 2022 жылы жүргізілген 119 аудиторлық іс-шараның 111-інде жалпы сомасы 38,8 млрд теңгені құрайтын заң бұзушылықтар анықталған.

 

 

«Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексеру кезінде 19,3 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. Қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтар сомасының 4 миллиард теңгеден астамы қалпына келтіріліп, бюджетке 3,1 миллиард теңге өтелді. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша 106 лауазымды тұлға тәртіптік, 37-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 9,3 млн теңге немесе 96,8% бюджетке өтелді», – деді департамент басшысы Марат Егембердиев.

Оның сөзінше, құқық қорғау органдарына 9 материал жіберілген, олар бойынша заң бұзушылық сомасы 1 миллиард теңгеден астам соманы құраған, жіберілген төрт материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.