Атырауда ит шабуылының салдарынан сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
"Атырауда 8 жасар балаға ит шабуыл жасады, ол жансақтау бөлімінде. Бас және аяқ терісі жұлынған, травматикалық шок жағдайындағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Оқиға 15 ақпанда сағат 19.00-де болды.
"2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Тиісті органдар тексеруді бастады", - деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы.