«ҚазТрансГаз Аймақ» кәсіпкерлерден негізсіз ақы алып отырған

Ғалиасқар Думан

Түркістан облысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген.

“Нәтижесінде, газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін”, – делінген ведомсвто хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.