Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді

Ғалиасқар Думан

Төрт күн бұрын тұтанған өрт салдарынан Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

"Береке шағын ауданындағы өртке байланысты Петропавлда жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді", - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік ТЖ режимі заңнама шеңберінде зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынан кейін материалдық залал өтеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда қаладағы Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенді. Тоғыз жеке тұрғын үй қирап, тағы екі үй жартылай бүлінген.