Қазгидромет маусымда құрғақшылық болуы мүмкін аймақтарды атады

Ғалиасқар Думан

Қазгидрометтің алдын ала жасаған болжамы бойынша маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғал басым жағдайда қалыпты деңгейде болады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Температура жоғарылауымен ылғалданған аумақтардың ауданы азайып, ылғал тапшылығы бар аймақтар көбейетіні аталып өтеді.

Күтілетін орташа құрғақшылық:

  • Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандары;
  • Қызылорда облысы Қармақшы ауданы.