Brent маркалы мұнай бағасы 86 долларға дейін өсті

Ulysmedia

Brent маркалы мұнай бағасы 2018 жылдың қазан айынан бері алғаш рет барреліне $86-дан асты, деп хабарлайды kursiv.kz. Шикізат бағасы газ бен көмірдің жаһандық тапшылығына байланысты артқаны байқалады.

Фото: Ашық дереккөзден

Дүйсенбі күні мұнай келісімшарттары барреліне 86,04 доллардан сатылды. Алайда көп ұзамай баға 85,58 долларға дейін түсті.

Мәселен, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:55-те Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы желтоқсан айында жеткізіліммен 0,85% - ға, $85,58-ге дейін көтерілді. WTI маркалы Солтүстік Америка мұнайының желтоқсан фьючерсі 1,15% - ға, $82,67-ға дейін өсті.

"БКС Экспресс" сарапшысы Игорь Галактионов РБК-ға түсіндіргендей, мұнай бағасының өсуінің негізгі драйвері "электр генерациялайтын қуаттарды газ бен көмірден арзан мазут пен дизель отынына қайта бағдарлауға негізделген күшті сұраныс".

Естеріңізге сала кетейік, ХЭА базалық сценарийіне сәйкес, мұнайға әлемдік сұраныс 2023 жылға қарай 2019 жылғы деңгейден асып түседі, 2030 жылы тәулігіне 104 млн баррел өндіріліп, ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін өндіріс көлемі біртіндеп 2050-ге дейін төмендейді.