Ірі бизнестен түскен салық 36% артты

Ulysmedia

Мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып саналады. Оның ішінде 98 – жер қойнауын пайдаланушылар, 244 – экономиканың әртүрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер. Оларға мемлекеттік бюджеттің 43,7% және республикалық бюджеттің 51-дан астам салық түсімдері тиесілі. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

коллаж: ulusmeda.kz

Мәселен, биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд теңгені құрады, дейді мемлекеттік кірістер комитеті.

Республикалық бюджетке түсімдер 840,1 млрд теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд теңгені құрады.

Экономика секторлары бойынша түсімдердің барынша ұлғаюы мынадай:

- көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд теңгеге өсті;

- өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд теңгеге өсті;

- қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге өсті;

- құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд теңгеге өсті.

Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келді.

2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерге қатысты 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша, 46,5 млрд теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді.