Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447– 452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 11 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 447,29 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 – 452,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 448,7 – 450,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 7 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,74 теңгеге қымбаттап, 447, 09 теңге болған.