Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,58 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 – 453 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 450,3 – 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77 – 4,89 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 15 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге төмендеп, 448, 66 теңге болған.