Ұлттық қор бір айда 1,1 трлн теңгеге азайды

Ulysmedia

Қаржы министрлігі Ұлтты қордың түсімі мен оның қаражатын пайдаланылуы туралы қазан айының есебін жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

Фото: Ашық дереккөзден

2021 жылдың қазан айының басында Ұлттық қорда 28,2 трлн теңге болған. Қазан айының соңында 27 трлн теңгені көрсетіп тұр. Осылайша, Ұлттық қорда сақталған қаражат бір айда 4,2% азайған.

Ұлттық қор туралы жарияланған есепке сәйкес, Ұлттық қорға бір айда 2,7 трлн түскен. Пайдаланылған қаражат көлемі – 3,8 трлн теңге. Түсімнің көбі мұнай секторындағы ұйымдардың тікелей салықтарынан түскен (1,6 трлн теңге). Ал шығынның ең көбі кепілдендірілген трансфертке байланысты (2,4 трлн теңге) жұмсалған.