Елде зейнетақыға салынатын салық алынып тасталады

Аян Өрібай

Үкіметтің мәліметінше, салық зейнетақы бойынша екі жағдайда ғана салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Бектеновтың жауабы

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында зейнетақы төлемдерін салықтан босату ұсынысына жауап берді.

Премьердің айтуынша, жаңа салық кодексінің жобасында осы идеяны жүзеге асыру тәсілдері қарастырылады.

– Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, БЖЗҚ-дан жеке табыс салығынан зейнетақы төлемдерін босату ұсынылады, – деді Бектенов.

Қазақстаннан тыс жерге шығатын азаматтар, мұрагерлікке берілетін зейнетақы да бұл салықтан босатылмайды.

Депутаттар ұсынысы

Былтыр депутаттар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мен БЖЗҚ-ның инвестициялық табысын салықтан босатуды ұсынған. Алайда,2024 жылдың қаңтарында бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметі бұл идеяны қолдамады.

2023 жылғы есеп

Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы 3,3 триллион теңгеге зейнетақы төленгені хабарланған болатын.