66 миллион теңге жымқырды: Ақтөбедегі аграрлық орталықтың меңгерушісі ұсталды

Ulysmedia

Ақтөбе облысының Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының менеджері ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының менеджері ұйымдастырған қылмыстық жымқыру схемасы анықталды.

«Ол өзінің еншілес жеке кәсіпкерлері және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы 30 шаруа қожалығының жайылымдық суару жүйесіне өте қымбат бағаға күн батареяларын орнатқан. Алдын ала болжам бойынша, жымқыру сомасы 66 миллион теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Кінәлілігі бойынша соңғы шешімді сот анықтайды.