Ұлттық қордан үкімет биыл 5,1 трлн теңге алады

Аян Өрібай

Қаражат бұрын бекітілген үш жылдық бюджет циклына сәйкес бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz тілшісіне қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биылға кепілдендірілген және нысаналы трансферттер мөлшері бекітіліп қойғанын айтты. Оған сәйкес, кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге, нысаналы трансферт мөлшері 3,1 трлн теңге болады. 

Келесі трансферттер 2026-2028 жылдарға арналған бюджет кодексінде қабылданады. 

Егер мемлекет басшысы қол қойған жағдайда (бюджет кодексіне) былай болады: қазір кепілдендірілген трансферттің мөлшерінің шегі бар болса, нысаналы трансферттікі жоқ. Егер шек қойылса, одан жоғары соманы біз ұлттық қордан ала алмаймыз, – деді Дәурен Темірбеков.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДА ҚАНША ҚАРАЖАТ БАР

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер 105 млрд долларды құрағанын хабарлаған еді. Ұлттық қорда қазір теңгемен есептегенде 33,26 трлн теңге бар. Былтыр қордан 5,3 трлн теңге алынған.