Бұл туралы сенат кулуарында вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты,
ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ
Былтырғы мәселелерді есепке алып, 7 млрд теңге қаражат дайындадық. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын, -деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Осы мақсатқа былтыр 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар.
БЫЛТЫР ҚАНША БӨЛІНДІ
Былтыр шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге және үкімет резервінен 3,9 млрд теңге қарастырылған.