Қазақстан былтыр шетелде соттасқаны үшін 7 млрд теңге жұмсаған

Аян Өрібай

Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Бұл ақпарат ашық. Бұл бағытта 2024 жылы республикалық бюджеттен 7 млрд теңге жоспарланған. Сол бағдарлама бойынша  шетелдегі соттар мен халықаралық арбитраждарда істер жүргізіледі, – деді Сәрсембаев үкіметтегі баспасөз орталығында.

Алайда министр нақты қандай істерге қанша қаражат жұмсалғанын ашып айтпады.

Сәрсембаев мұның алдында Қазақстан билігі бірнеше жыл соттасқан кәсіпкер Анатол Статидың ісі жайлы ашық айта алмайтынын мәлімдеген еді.

СТАТИ ІСІНЕ НҮКТЕ

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк және Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтағаны күні кеше хабарлаған еді.