Бұл туралы үкіметте "Бәйтерек" холдингінің басшысы Рүстем Қарағойшин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАРАҒОЙШИН НЕ ДЕЙДІ
Бұл өте маңызды оқиға. Бұл – тек басы. Мөлшері 400 млн юань болады. Мұның маңызды жері – юаньның біз алған құны өте жақсы. Біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнды құрайды, – дейді ол.
Қарағойшин қаражат 10-15 жылдық жобаларға жұмсалатынын айтады. Ақшаны ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығына бағытталады.
ҚАРЫЗ ЖАЙЛЫ
3 наурызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қытаймен ынтымақтастық шеңберінде алғаш рет Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) юаньмен банктік қарыз алғаны жарияланған еді. Холдинг мұны Бұл стратегиялық қадам деп атайды. Өздері таратқан ақпараттарға қарағанда, холдингке бұл қаражат халықаралық нарықтағы өз ұстанымын нығайтуға, валюталық тәуекелдерді әртараптандыруға және жаңа жобаларды дамыту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді күшейтуге мүмкіндік береді. Қытайдың ұлттық валютасында қарыз тарту қытайлық серіктестермен және өнім берушілермен ынтымақтастық үшін қосымша перспективалар ашады, сондай-ақ экспорттық және импорттық операцияларды кеңейтуге ықпал етеді.
ICBC – Қытай мен әлемдегі ең ірі коммерциялық банк. Қытайдың ең ірі банктерінің «Үлкен төрттігіне» кіреді және Қытайдың банк секторының бестен бір бөлігін бақылайды.