Астана халықаралық форумын өткізу үшін 4,5 млрд теңгені билік қайдан алады

Аян Өрібай

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мамырда өткізілетін Астана халықаралық форумына 4,5 млрд теңгені демеушілер шығаратынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ҚАСЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Аталған іс-шара жайлы айтар болсақ, бәлкім, ол толығымен демеушілердің қаражатына өткізіледі. Демек, республикалық бюджеттен қаражат шықпайды, – дейді ол.

Жалпы имидждік іс-шаралар жөнінде сөз сөйлеген вице-министр мұның алдындағы жауабын қайталады. Оның мәліметінше, республикалық бюджет шығындары ішіндегі имиджді іс-шаралардың үлесі “бар болғаны 0,01%” құрайды. 

Егер біз халықаралқ іс-шаралар жөнінде айтар болсақ, мен екі оң нәтижені айтар едім. Біріншіден, танымалдық артады. Артынша, елге шетелден салынатын инвестиция артады. Екіншіден, мұндай іс-шараларды шетелдік бизнеспен кездесулер өткізіледі. Бұл экспорттың артуына мұрындық болады. Демек, кездесу Қазақстанда да, шетелде де болса да, біздің кәсіпкерлер шетелдік кәсіпкерлермен танысып, Қазақстан тауарларын шетелге жеткізуге келіседі, – дейді ол.

ФОРУМҒА ШЫҒЫН

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл өтетін Астана халықаралық форумына қанша теңге жұмсалатынын айтқан еді. Оның сөзінше, форумды өткізуге 4,5 миллиард теңге жұмсалмақ. Астана халықаралық форумы 29-30 мамыр аралығында Астана Конгресс орталығында өтеді.