Салық органдарынан ескерту алған блогерлер 1,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
15 блогерге қосымша 1,5 млрд теңге салық төледі, олар бюджетке 75 млн теңге аударды. Ірі салық төлеушілерге, соның ішінде құрылыс компанияларына қатысты да осындай тәжірибе қолданылып жатыр, бұл салық комитетінің жұмыс істеу тәсілдерінің бірі, — деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, блогерлердің мемлекетке қарызы бар екенін көрсететін тізімнің жариялануы салық комитетінің кейбір жұмыс аспектілерін ашып көрсеткен.
Министр сондай-ақ осындай хабарламалардың ірі бизнес өкілдеріне де жіберілгенін атап өтті.
Еске салайық, біраз уақыт бұрын сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялағаны белгілі болды.
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ
Камералдық бақылау өз бетінше салық салынатын кіріс алатын барлық тұлғаға бірдей дәрежеде жүргізіледі. 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде 80 000 жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге хабарлама жолданған.
БЛОГЕРЛЕР
Хабарлама алған жеке тұлғалардың қатарында блогерлер де бар. Олар хабарламаны алғаннан кейін әлеуметтік желілерде белсенділік танытты. Осыған байланысты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішіндегі 594-і блогер екені анықталған.