ҰБ елден заңсыз ақша шығаруды шектейтін бұйрық қабылдады

Аян Өрібай

Тиісті бұйрықты Ұлттық банктің қаржылық мониторинг агенттігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

«Капиталды негізсіз шығаруға қарсы іс-қимыл іске асырылыады. Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шетелге шығару тәуекелінің үдей түскенін атап өтті. Осыған байланысты биылғы жылғы 10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады», - деді ҰБ төрағасы Ерболат Досаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданған. Сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілген. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылады.