Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкі 13 млрд иенге жуық қаражатты қарызға алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰЛ ҚАНДА ЗАҢ
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау жөнінде заң жобасы бүгін мәжіліске келіп түсті.
ЗАҢ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сөзінше, келісімге сәйкес, халықаралық банк Қазақстанға 13 млр йен (шамамен 46 млрд теңге) мөлшерінде қарыз береді. Бұл қаражат шалғай ауылдарға жоғары сапалы интернетті тартуға жұмсалады. Қарыз 12 жылға 4-5 пайызбен беріледі. Халықаралық қайта құру және даму банкі қарызды йенмен беру талабын қойған.
БЫЛТЫР ДА АЛҒАН
Қазақстан былтыр шетелдік үш банктен 600 млрд теңге қарыз алған еді. Қазақстан Азия Даму банкінен – 52,3 млрд жапондық йен (15 жылда өтеуі керек), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен – 52,7 млрд йен, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд йен (2034 жылы 15 қыркүйекке дейін төлеп бітуі керек) тартады. Жалпы сомасы 190 млрд йен. Теңгеге шаққанда ол – 600 млрд теңге.
Бұл қарыздар бюджет тапшылығына байланысты алынған. Жыл бойы Қазақстан бюджетінде 3,6 трлн теңге тапшылық болса, 600 млрд теңге сыртқы нарықтан алынады. Мәселен, Азия Даму банкінен алынған 160 млрд теңгені Қазақстан 168 млрд теңге етіп қайтарады.