Қазақстанда доллар бағамы 545 теңгеге жуықтады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамының өскені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 544,87 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,79 теңгеге жоғары.

Қазіргі уақытта айырбастау орындарында долларды орта есеппен 546 теңгеден сатып алып, 548 теңгеден сатуда.