Несиесін ерте жабатын қазақстандықтарға жақсы жаңалық айтылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

31 тамыздан бастап несиесін ерте жапқан қазақстандықтарға банктер айыппұл сала алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

31 тамыздан бастап күшіне енетін заңға сәйкес енді борышкерлер қарызын кез келген уақытта үстеме ақысыз қайтара алады.

АЙЫППҰЛ

Қазіргі таңда банктер несие мерзімінен бұрын өтелсе, пайыздық кірістен қағылатындықтан клиенттеріне айыппұл салуға құқылы. Мұндай талап бір жылға алынған қарызды алты айда, не одан да ұзақ мерзімге рәсімделген несиені бір жыл ішінде жапқандарға қолданылып келген. 

ӨЗГЕРІС

Алайда, Информбюро31 мәліметінше, күзден бастап қарапайым азаматтар бұл міндеттен босатылады. Айта кету керек, қарызды уақытынан бұрын жабу банктің табысын азайтады.

– Комиссия мен айыппұлын банктер енді тек заңды тұлғаларға қолдана алады. Бұл тәртіп тұтынушылардың құқығын күшейту үшін енгізілді. Яғни, енді қарапайым азаматтар тек қарыз болған мерзімі үшін ғана төлейді. Ерте өтегені үшін олардан комиссия ұсталмайды, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің бас маманы Дмитрий Акмаев.