Үш өңір республикалық бюджеттің жартысына жуығын «жұтып отыр»

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Астана көлемі бойынша өзге өңірлерден айтарлықтай озып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 1 қазанына қарай республикалық бюджеттен өңірлерге 1,19 трлн теңге бөлінген, бұл қаржы толығымен игерілген, деп жазады Tengenomika. Ең көп шығын даму бағдарламаларына бағытталған – 773,1 млрд теңге (барлық трансферттердің 64,6%), ағымдағы бағдарламаларға – 347,4 млрд теңге (29%), ал несиелерге – 75 млрд теңге (6,3%) жұмсалған.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлер бойынша республикалық бюджеттен ең көп қаржы бөлінген алғашқы үштік келесідей:

  • Астана – 315,5 млрд теңге (барлық трансферттердің 26,4%)

  • Түркістан облысы – 109,8 млрд теңге (9,2%)

  • Алматы облысы – 76,8 млрд теңге (6,4%)

Осылайша, аталған үш өңір республикалық бюджеттен бағытталған барлық нысаналы трансферттердің шамамен 45% қаржысын игерген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17 трлн теңгеден асты.