Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдегі инфляцияның негізгі себебін экономикадағы артық ақша көлемімен байланыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Біздің ойымызша, инфляцияның өсуі – айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбеюінен. Монетарлық агрегаттар шамамен 18 пайызға өсті. Бұрын аздап төмендеген еді, қазір қайтадан өсіп отыр. Экономикаға тым көп ақша құйылып жатыр. Оның екі негізгі көзі бар – бюджеттік шығындардың артуы және тұтынушылық несиелеу, – деді Сүлейменов Мәжілісте сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, елде сұраныс тауар мен қызмет көлемінен жылдамырақ өсіп отыр.
- Сұраныс көп, ал ұсыныс пен өндіріс жеткіліксіз болғанда инфляция күшейеді. Егер тапшылықты импорт арқылы жапсақ, онда доллар бағамы көтеріледі, - деді Ұлттық банк басшысы.
КОНТЕКСТ
10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Қаржы реттеушісі қараша айында негізгі көрсеткішті тағы да көтеруі мүмкін екенін хабарлады.