Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, нарықтағы бірқатар қатысушы шетел валютасын алдын ала айырбастаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
KASE биржасында доллар бағамы қатарынан үшінші сессияда төмендеп келеді. Бұл — салық кезеңінің басталуына жақындаған шақпен тұспа-тұс келді.
- Ширек жылдық салық кезеңі басталар алдында нарықтағы кей ойыншылар шетел валютасын тиімдірек бағаммен сатуға мүдделі болып, оны алдын ала теңгеге айырбастаған болуы ықтимал. Оған, әсіресе, сауда көлемінің артуы дәлел: 287,6 млн доллар (+16,0 млн). Қараша айында 2025 жылдың үшінші тоқсанына қатысты бірқатар маңызды салықтар төленеді. Атап айтқанда, 25 қараша — ренталық салықты, жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемдерін, корпоративтік табыс салығын, пайдалы қазбаларды өндіру салығын және қосылған құн салығын төлеудің соңғы күні, – делінген қауымдастық мәлімдемесінде.